Қала бас имамы «Әлжан ана» мешітіне барды

05 мамыр 2026 92 0
Оқу режимі

Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған өкілдік қызметкерлері бақылау-басқару бағыты аясында елордадағы «Әлжан ана» мешітіне барды.

Құлшылық ордасында қонақтарды мешіттің бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы қарсы алып, мешіттің қазіргі жұмысы, жамағатпен атқарылып жатқан рухани-ағартушылық шаралар мен әлеуметтік бастамалар жөнінде мәлімет берді. Сонымен қатар жамағатқа арналған тұрақты уағыздар мен тәрбиелік кездесулер ұйымдастырылып отырғанын жеткізді.

Кездесу барысында дін қызметкерлерімен басқосу өтіп, бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Қала бас имамы мешіт қызметін жүйелі жүргізудің маңызын атап өтіп, ағартушылық жұмыстарды күшейту, жамағатпен байланысты нығайту және тәрбие бағытын жандандыру жөнінде нақты міндеттер жүктеді.

Сондай-ақ имамдардың жауапкершілігі, халықпен байланыс, жастармен жұмыс және қоғамдағы рухани құндылықтарды насихаттау мәселелері сөз болды. Бас имам мешіттің тек құлшылық орны ғана емес, тәрбиелік мәні бар орта екенін атап өтті.

Сапар аясында жамағатпен жүздесіп, бесін намазынан кейін уағыз-насихат айтты. Кездесу соңында мешіт ұжымына алдағы қызметіне табыс тілеп, ел игілігі жолындағы еңбектеріне береке тіледі.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру