ҚМДБ төрағасы «Науан Хазірет» кесенесін зиярат етті (ФОТО)

18 ақпан 2022 3443 0
Оқу режимі

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Көкшетау қаласындағы ағартушы ұстаз, дін қайраткері Науан Хазірет кесенесіне зиярат жасап, баба рухына Құран бағыштады.

Наурызбай Таласұлы 1843 жылы Көкшетау округі Мезгіл болысының Жылкелді ауылында дүниеге келген. Наурызбай Таласұлы алғашқыда ауыл мектебінде оқып, кейін Қызылжар қаласындағы медресені оқып бітірген соң, дарынды бала ретінде Бұхарадағы Көкалташ діни семинариясына ұсынылады. Біраз уақыт туған ауылында жұмыс істеп, қаражат жинап 1870 жылдың басында діни семинарияға оқуға түседі. Жаңа оқу орнында Наурызбай еңбекқорлығымен ғана емес, барлық оқу пәнін терең игерумен көзге түседі. Курсты аяқтаған соң дарынды семинаршы ретінде барлық мұсылмандардың орталығы Бағдат қаласына тәжірибе алуға барады. Тәжірибе алмасудан оралған соң өзі оқыған діни семинарияда ұстаздыққа қалады.

Науан Хазрет 1916 жылы 73 жасында дүние салып, Қопа көлінің жағасындағы мұсылмандар зиратына жерленген.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру