РАНТ мүшелеріне арналған семинар басталды (ФОТО)

17 ақпан 2022 2346 0
Оқу режимі

Елордада ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің ұйымдастыруымен Республикалық ақпараттық-насихат тобы мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған екі күндік семинар басталды.

Семинар барысында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Уағыз айту әдебі мен уағызшының міндеті» тақырыбында дәріс оқыса, наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы «Фиқһ әдіснамасындағы кейбір мәселелер» тақырыбында дәріс өткізеді.

Сондай-ақ РАНТ мүшелері «Зайырлылық және діни сенім бостандығы», «Әлеуметтік желіні тиімді пайдаланудың жолдары», «Ислам тарихындағы саяси оқиғалар», «Қазақстандағы діни ахуал: негізгі тенденциялар мен проблемалар», «Қызметке жауапкершілікпен қарау» сынды тақырыптарда дәріс тыңдайды.

Ертең семинар қорытындыланып, РАНТ мүшелеріне сертификат табысталады.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру