«СӘДУАҚАС ҚАЖЫ ҒЫЛМАНИ » МЕШІТІНДЕ «ҚАЖЫНЫҢ РУХАНИ КЕЛБЕТІ» ҚҰЖАТЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

15 ақпан 2024 590 0
Оқу режимі

Қажылық - мұсылман ұлттар арасындағы теңдіктің іс жүзіндегі көрінісі, мұсылмандар үшін сабыр мен талпынысты үйрететін мектеп. Бармаған да арманда, барған да арманда қалатын осы қасиетті қажылық сапары пендеге өмірінде бірақ рет берілетін Алладан болған мүмкіндік. Бұл берілген нығметтен кейін де оған лайықты болуға тырысу әр қажының міндеті. Осы тұста ҚМДБ бекіткен «Қажының рухани келбеті»  құжаты қажыларға үлкен көмек болмақ.

Бүгін бесін намазынан кейін «Сәдуақас қажы Ғылмани»  мешітінде  ҚМДБ-нан бекітілген «Қажының рухани келбеті»  құжаты таныстырылып, халқымыз қажылыққа барған азаматтарды «қажы» деп құрметтеп, оларға ерекше ілтипат көрсететін, қажылар да өз кезегінде көркем мінезімен, адалдығымен, әділдігімен өзгелерге өнеге болуы тиіс екені туралы жан-жақты түсіндірілді.

Келесі кезекте Мүфтият қажылыққа  қызмет көрсететін 17 туроператорды бекітіп, ресми сайтында конкурстан өткен компаниялардың тізімін де жариялағанын, бұл компаниялар қажылардың қауіпсіздігіне, оларды Мекке-Мединаға апарып-әкелуге, қонақүй және ас-сумен, транспортпен қамтамасыз етуге және тиісті құжаттарын рәсімдеуге міндеттелетіні толық түсіндірілді. Сондықтан қажылыққа ниет етушілер әртүрлі келеңсіздікке  тап болмас үшін соларға ғана жүгінуге шақырды.

 

Пікірлер Кіру