СӘКЕН СЕЙФУЛЛИННІҢ 130 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ЖИЫН ӨТТІ (ФОТО)

28 ақпан 2024 695 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігінің тапсырмасы аясында «Көктал» мешітінің ұйымдастыруымен Сәкен Сейфуллин атындағы мұражайда алаш ардақтысы - Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына орай басқосу болып өтті.

Жиынға Сәкентанушы ғалымдар, көнекөз ақсақалдар, Астана қаласының имамдары мен мұражай қызметкерлері қатысты. Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов бабаларымыздың жанкештілігі туралы айта келе, ұлт, ел, дін үшін қызмет етудің сауабы мен мәртебесіне тоқталды. Ал, Сәкентанушы ғалымдар арда бабамыздың білім саласына қосқан үлесі, ашқан мектептері, өмір жолы туралы толыққанды мәліметтерімен бөлісті.

Жиын соңында ақын атамыздың жаламен атылған күніне орай Құран хатымы жасалып, жиналған жамағатпен дұға бағышталды.

Пікірлер Кіру