Шымкентте 69 адам радикал райынан қайтты

09 желтоқсан 2019 4073 0
Оқу режимі

2019 жылы Шымкент қаласында уағыз-насихат жұмыстары бойынша «Бір мешіт, бір үмбет, бір жамағат» атты игі жоба жүзеге асты.

Осы жоба аясында деструктив ағымның ықпалында жүрген азаматтармен 87 кездесу, 65 спорттық шара, діни мереке күндері 10 рет арнайы дастарқан жайылды.

Бұдан бөлек, 475 рет жеке кездесу өткізіліп, салафилік бағыттағы 50 адам радикал райынан қайтты. Ал абақтыда жазасын өтеушілермен 298 рет жеке кездесу ұйымдастырылып, оның қорытындысы бойынша 19 адам райынан қайтты.

Жалпы алғанда, атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша, 2019 жылы 69 азамат жат ағымның жетегінен бас тартып, ата дінімізге оралды. Бұдан бөлек, «Жусан» оперециясы бойынша елге келген отбасы мүшелерімен де тұрақты жұмыс жасалуда.

Дереккөз: Шымкент қалалық өкілдігінің бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру