«ЫРЫСКЕЛДІ ҚАЖЫ» МЕШІТІНДЕ 50 ОТБАСЫҒА «РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ» ТАРАТЫЛДЫ (ФОТО)

26 наурыз 2024 436 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Ырыскелді қажы» мешітінде «Рамазан қоржыны» акциясы аясында 50 отбасыға қайырымдылық жасалды.

Мешіт имамдары әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы аналарға Рамазанның шарапаты жайында уағыз-насихат айта отырып, күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдері салынған арнайы қораптарды табыстады.

Айта кетсек, «Рамазан қоржыны» - бұл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан әр жылы Рамазан айында жасалатын қайырымдылық акциясы. Қазіргі уақытта Астана қаласы өкілдігіне қарасты мешіттерде аталмыш жоба аясында көптеген қайырымдылық шаралары өтіп жатыр.

Возможно, это изображение 14 человек и толпа

Пікірлер Кіру