ЖАСТАР ІСІ СЕКТОРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ МЕДРЕСЕ ШӘКІРТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

08 қыркүйек 2025 1244 0
Оқу режимі

Астана қаласы Жастар ісі секторының жетекшісі Рахымжан Жолдас «Астана» медресе-колледжінің шәкірттерімен кездесті. Жиын барысында ол жас шәкірттерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім жолында табыс тіледі.

Кездесуде Рахымжан Жолдас жастардың діни әрі зайырлы білімді қатар меңгеруінің маңызын атап өтті. Ол медресе шәкірттеріне уақытты тиімді пайдалану, тәртіп пен еңбекқорлықты серік ету, алған білімді қоғам игілігіне жұмсау қажеттігін еске салды.

Сондай-ақ, Рахымжан Жолдас шәкірттерге жас буынның елдің болашағы үшін жауапкершілігі жоғары екенін айтып, білім алумен қатар, адамгершілік құндылықтарды да бойға сіңірудің қажеттігін жеткізді. Ол шәкірттерді өзара бірлікке, тәртіп пен табандылыққа шақырып, әрбір жастың болашағына сенім білдірді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру