«ӘЛ-ҒАНИ» МЕШІТІНДЕ «ДІН МЕН ДӘСТҮР» КІТАПТАРЫ БОЙЫНША САЙЫС ӨТТІ (ФОТО)

17 қараша 2025 482 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Әл-Ғани» мешітінде «Дін мен дәстүр» кітаптарының I,II,III томдары бойынша шәкірттер арасында сайыс өтті.

«Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы, қари Жұманазар Садырханов қатысушыларға сайыс шарттарын таныстырып, модераторлық жасады.

Сайыс шарты бойынша кітаптан алынған сауалдар экран арқылы көрсетіліп, қатысушылар жауап беріп отырды.

Астана қаласының Бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған елорда имамдары қазылық жасап, сайыс жеңімпаздарын анықтады. Нәтижесінде үздік деп танылған командалар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыз!

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру