Әлемдегі мигранттар саны 272 млн-ға жетіп отыр

19 қыркүйек 2019 4722 0
Оқу режимі

Біріккен ұлттар ұйымының (БҰҰ) Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің деректеріне сүйенсек, қазіргі таңда әлемдегі мигранттар саны 272 млн-ға жеткен көрінеді. Бұл көрсеткіш жер бетіндегі халық санының 3,5% пайызын құрап отыр. Айта кетейік, тек биылғы жылдың өзінде мигрант қатарына 51 млн жан қосылған екен.

Келтірілген деректер бойынша, мигранттардың басым көпшілігі (82 млн) Еуропа елдеріне қоныстанған. Ал, Солтүстік Америкада 59 млн мигрант өмір сүретін көрінеді. Сондай-ақ, Солтүстік Африка мен Батыс Азия елдерінде 29 млн жан өмір сүріп жатыр.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру