Әлемдік діндер сиезінің әнұраны жазылуы мүмкін

18 қыркүйек 2019 5242 0
Оқу режимі

Елордада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі XVIII хатшылығының отырысында сиездің әнұраны шығару туралы ұсыныс болды.

«Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері сиезінің әнұранын шығарту туралы өте қызықты шығармашылық ұсынысты жария еткім келіп отыр. Ұсыныс Ачария ( «Сомайя Бахаратия Санкрити Питам» үнді мәдени орталығының директоры — Кала Дхананджей Ачария) ханым тарапынан түсті. Ұсыныс өте қызықты. Осы ұсыныс қолдау тауып жатса, онда біз осы бағытта жұмыс істер едік», — деді отырыс барысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов.

Айта кетейік, бүгінгі отырыста Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI Сиез қорытындылары мен Хатшылық қызметінің келешегі бойынша пікір алмасылуда. Содан кейін 2021 жылғы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Сиезін өткізу бойынша ұсыныстар талқыланып жатыр.
 

Дереккөз: kazislam.kz

Пікірлер Кіру