Ақпарат және қоғамдық даму министрі ораза айының кіруімен құттықтады

13 сәуір 2021 2330 0
Оқу режимі

Ақпарат және қоғамдық даму министрі  Аида Балаева еліміздің барша мұсылман қауымын қасиетті Ораза айының кіруімен құттықтады.

«Рамазан – ізгілік пен парасатқа, рухани жаңару мен тазаруға үндейтін, өткеннен қалған өкпе-реніштерден арылып, қайырымды істер жасайтын мезгіл. Өкінішке қарай, биылғы Рамазан айында да пандемия жағдайы сақталып тұр. Осы орайда, азаматтарымызды санитарлық-эпидемиологиялық норма талаптарын сақтауға және Мүфтияттың ұсынымдарын орындауға шақырамын. Қауіпті індетті жеңіп шығу үшін ауызбірлік пен сабыр, тәртіп пен төзім қажет» деді министр.

Сондай-ақ Аида Ғалымқызы «Қасиетті айда тұтқан оразаларыңыз, жасаған ізгі амалдарыңыз, тілеген дұға-ниеттеріңіз қабыл болсын» дей келе еліміздің барша мұсылман қауымының деніне саулық, отбасына амандық, бақ-береке тіледі.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру