«АР-РАХМАН» МЕШІТІНДЕ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ (ФОТО)
Астана қаласындағы «Ар-Рахман» мешітінде Республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жалғасып, 100 балаға сөмкелер мен оқу құралдары табысталды.
Іс-шараға ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев, Астана қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Ерболат Жүсіпов және басқа да қызметкерлер қатысты.
Игі іс-шара барысында көп балалы және мұқтаж отбасылардың балалары мектепке қажетті жабдықтармен қамтылып, жаңа оқу жылына үлкен демеу болды. Бұл қолдау балаларға қуаныш сыйлап, мешіт ұжымы ата-аналардың алғысына бөленді.
Айта кетейік, жыл сайын ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен республика бойынша барлық мешіттерде дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізіліп келеді. Оның мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасылар мен жетім балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде қолдау көрсету және мектепке баруына кедергі болатын жағдайлардың алдын алу.
Суреттерді толығырақ «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!












Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі