«АР-РАХМАН»: ЖАМАҒАТПЕН «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»  АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ (ФОТО)

18 қазан 2025 962 0
Оқу режимі

Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Ар-Рахман» мешітінде жамағатпен бірге «Таза Қазақстан» сенбілік акциясы ұйымдастырылды.

Акция барысында мешіт маңайы қоқыстардан тазартылып, талдар отырғызылды. Айта кетсек, мұндай шаралар қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, адамдарды таза және әдепті өмір сүруге ынталандыруға бағытталған.

Ислам дінінде тазалық – тек жеке гигиена емес, қоғамға деген жауапкершілік пен қоршаған ортаны сыйлау деген ұғым. Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадистерінде: «Тазалық – иманның жартысы» деп атап өткен. Осы мақсатта мешіт жамағаты сенбілікке қатысып, қоқыстарды жинап, табиғатты қорғауға үлес қосты.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру