АСТАНА ӨКІЛДІГІНІҢ «УАҚЫП» ҚОРЫ ҚҰРАН ЖАТТАУ ОРТАЛЫҒЫНА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАБЫСТАДЫ (ФОТО)

01 қыркүйек 2025 985 0
Оқу режимі

ҚМДБ «Уақып» қорының діни оқу орындарын қолдау бастамасына сәйкес, Астана қаласы өкілдігі 1 қыркүйек – Білім күніне орай елордадағы Хусамуддин Ас-Сығанақи Құран жаттау орталығына азық-түлік табыстады.

Жомарт жандардың демеушілігімен жүзеге асқан игі іске ҚМДБ «Уақып» қорының Астана қаласы бойынша жауапты маманы Нұрбол Оразбай, ұстаздар және мешіт еріктілері атсалысты.

Ұйымдастырушылар жас қарилардың Құран ілімін табандылықпен меңгеріп, елге иманды, тәрбиелі азамат болып өсуіне тілектестігін білдірді. Сондай-ақ алдағы уақытта да ҚМДБ «Уақып» қорының басшылығымен діни оқу орындарына жүйелі түрде қолдау көрсетіліп, жастардың сапалы білім алып, қоғамға пайдалы тұлға болып қалыптасуына жағдай жасалатыны жеткізілді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру