АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ «АҚМЕШІТ» ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

28 ақпан 2024 693 0
Оқу режимі

Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов «Ақмешіт» мешітінің ұжымымен жүздесіп, арнайы жиын өткізді. Құлшылық үйін аралап, жұмыс барысымен танысып қайтты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жаңа бағыттары бойынша жауапты имамдарымен сұхбаттасып, 2024 жылғы іс-шаралар жоспарын талқылады.

Мешіт жұмысын жандандыру, «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында атқарылар іс-шаралар, уағыз-насихат жұмыстары, қайырымдылық істері, т.б. өзекті діни мәселелер бойынша мешіт ұжымына байланысты өз ұсыныстарын айтып, бірқатар нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ, мешіт жамағатымен жүздесіп, уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді.

6 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

5 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

9 адам, тұғыр және мәтін кескіні болуы мүмкін

17 адам кескіні болуы мүмкін

Пікірлер Кіру