АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ «АСТАНА» МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНДЕ БОЛДЫ (ФОТО)

01 қыркүйек 2025 1526 0
Оқу режимі

Астана қаласының Бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған бір топ имамдар «Астана» медресе-колледжіне арнайы барып, жаңа тағайындалған директор Қанат Оңғарбаевты қызметімен құттықтады.

Жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қанат Оңғарбаев аталмыш оқу орнының директоры болып тағайындалған еді. Осыған орай Бас имам оған игі тілегін жеткізіп, Алладан берекелі қызмет тіледі.

Қала бас имамы директорға жаңа басшының міндетін абыроймен атқарып, оқу ордасының басқару ісін жүйелі жүргізуіне қолайлы жағдай туғызу мақсатында кәдеге жарайтын су жаңа компьютер мен заманауи принтерді сыйға тартты. Жиын соңында қатысушылар жаңа директорға сәттілік тілеп, оқу орнының келешегінен үлкен үміт күтетіндерін жеткізді.

Айта кетейік, «Астана» медресе-колледжі – еліміздегі дін мамандарын даярлайтын іргелі оқу орындарының бірі. Мұнда шәкірттер Құран ілімімен қатар, дәстүрлі Ислам негіздерін үйреніп, заманауи білім салалары бойынша да тәлім алады.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру