АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ «СӘДУАҚАС ҚАЖЫ ҒЫЛМАНИ» МЕШІТІНЕ БАРДЫ (ФОТО)

27 тамыз 2025 972 0
Оқу режимі

Астана қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Ерболат Жүсіпов елордадағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіне арнайы барып, мешіт ұжымымен жүздесті.

Кездесу барысында Бас имам мешіттің жалпы тыныс-тіршілігін бақылап, имамдардың қызметін жіті қадағалады. Сондай-ақ, ҚМДБ тарапынан беріліп жатқан тапсырмалардың орындалу барысын тексеріп, имамдарды қызметте белсенділік пен қырағылыққа үндеді.

Осы орайда мешіт жанындағы Әйел-қыздар секторының жұмысы да назардан тыс қалған жоқ. Бас имам әйел ұстаздардың жамағатқа діни-ағартушылық бағытта атқарып жүрген еңбегін атап өтіп, қыз-келіншектерге арналған сабақтар мен тәрбиелік шаралардың жүйелі түрде жалғасуына баса мән берді.

Жиын барысында мешіттің алдағы жоспарлары, жамағатты діни сауаттылыққа баулу және ағартушылық шараларды жүйелі ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен барлық бағыттар бойынша нақты міндеттер пысықталды. Қала бас имамының қатысуымен өткен осындай кездесулер алдағы уақытта елорданың өзге мешіттерінде де жалғасады.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру