АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІНДЕ УАҒЫЗ-НАСИХАТ ЖАСАДЫ (ФОТО)
29 қазан 2025
586
0
Оқу режимі
ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша бас имамы Ерболат Жүсіпов елордаға қарасты №64 түзеу мекемесіне барып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында түзеу мекемесінің игілігі үшін кір жуғыш құрылғысы да табысталды. Бұл – мекеме қызметкерлері мен ондағы азаматтардың тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған қайырымды қадамның бірі болды.
Сапар аясында сондай-ақ мекеме қызметкерлері мен азаматтармен кездесу ұйымдастырылып, уағыз-насихат айтылды. Кездесу ағартушылық сипатта өтіп, дін мен ізгілікке үндейтін түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру