АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ИМАМДАРЫНА УАҒЫЗ АЙТУДЫҢ ӘДЕБІ ЖАЙЛЫ СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен елордалық дін қызметкерлеріне «Уағыз айтудың әдебі» атты семинар өтті.
Семинарды ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров жүргізіп, имамдарға уағыз айту мәдениеті, мінбер әдебі және жамағатпен дұрыс қарым-қатынас орнатудың қыр-сырлары жөнінде кеңінен түсіндірді.
Басқосу барысында уағызшының сөзі мен іс-әрекетінің үйлесімді болуы, дін насихатында даналық пен мейірімнің рөлі, сондай-ақ қоғамдағы өзекті мәселелерді көтерудің тиімді тәсілдері талқыланды.
Сонымен қатар, семинар қатысушыларына қазіргі ақпараттық заманда уағыз айту әдістерін жетілдіру, жастармен тіл табысу және діни сауаттылықты арттыру жолдары бойынша нақты ұсыныстар берілді.
Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға белсенді қатысқан имамдарға арнайы сертификаттар табысталды.







Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі