АСТАНАДА«MUFTIYAT» БАСПАСЫ КІТАПТАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ (ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен елордада өткен мәуліт кешінде «Muftiyat» баспасы кітаптарының жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеде дін мен руханият, отбасылық тәрбие, ұлттық құндылықтар және тұлғалық даму тақырыптарын қамтитын түрлі бағыттағы кітаптар көпшілік назарына ұсынылды. Кітап көрмесіне келген жамағат діни әдебиеттермен танысып, өздеріне қажет басылымдарды тиімді бағамен сатып алу мүмкіндігіне ие болды.
«Muftiyat» баспасының өнімдері халыққа имандылықты насихаттауда, жастарды тәрбиелеуде және қоғамның рухани әлеуетін арттыруда маңызды құрал болып саналады. Бұл елордалық жамағаттың діни сауатын арттыруға, кітап оқу мәдениетін дамытуға және отандық рухани басылымдарды қолдауға бағытталған.
Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі