Аудан әкімі жаңадан ашылған мешіт жағдайымен танысты (ФОТО)

08 қазан 2019 4550 0
Оқу режимі

Ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласындағы Байқоңыр ауданында өткен аптада жаңа мешіт пайдалануға беріліп, қасиетті жұма күні жамағатқа есігін айқара ашқан болатын. Құлшылығын өтеу қаладағы басқа мешіттерге сабылып, көптен бері «жақын жерден мешітіміз болса» деген халықтың тілегені орындалып, «Әр-Рахман» мешітінің ашылуы - төңіректегі түгел жұрттың төбесін көкке  тигізгендей болды.

Өндіріс елдімекенін азанымен әлдилеп, айналасына шуағын шаша түскен құлшлық ордасына бүгін Байқоңыр ауданының әкімі Есілов Асқар Сансызбайұлы арнайы келіп, мешіт жағдайымен танысып қайтты. «Әр-Рахман» мешітінің бас имамы Руслан Нақыпбекұлымен жүздесіп, құлшылық ордасының қысқа дайындығы мен қауіпсіздік, тазалық мәселелері турасында кеңес жүргізді.

Құлшылық ордасын аралап көріп, мешіт жұмысына сәттілік тілеген Асқар Сансызбайұлы рухани орданың гүлдене түсуіне әкімдік тарапынан қашанда қолдау көрсететіндіктерін жеткізді.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру