Әйел жамағаты «Берекелі жұма» насихат дастарханында бас қосты (ФОТО)

09 қараша 2019 321 0
Оқу режимі

Кешегі өткен қасиетті жұма күні республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел жамағаты үшін айрықша болды. Бас мешіттің әйел ұстаздарының ұйымдастыруымен жұма намазынан кейін «Берекелі жұма» атты насихат дастарханы жайылып, жамағат арасын жылытқан келелі отырыс өтті.

Насихат сабағы барысында ұстаз Динара Құттықожақызы «Қызым, саған айтам...» тақырыбында әйел жамағатына қажетті кеңестермен бөлісіп, Ислам дінінің бұйрықтары мен тыйымдарымен таныстыра өтті. Ақ жаулықты әжелерімізден бастап, түрлі жастағы қыз-келіншектер бұдан соң ақ дастархан басында бас қосып, бір үйдің балаларындай бауырмалдықпен біріге түсті. Еркін отырыс үстінде бір-бірімен етене танысып, біріне өзіне ақылшы әпке, енді бірі құрбы тапқан әйел жамағаты Жұма күнінің мерекелік әсеріне бөленіп қайтты.

Айта кетейік, «Берекелі жұма» насихат дастарханың «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел ұстаздарының ұйымдастыруымен ай сайын өткізіліп тұратын болмақ.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру