ӘЙЕЛ ЖАMАҒАТЫ СЕНБІЛІККЕ АТСАЛЫСТЫ (ФОТО)

13 мамыр 2023 2174 0
Оқу режимі

Бүгін ҚМДБ Астана өкілдігіне қарасты Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Елорда мешіттерінің ауласында сенбілік  өтіп, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Мешіт ұстаздары бастаған шәкірттер мешіт іші мен  ауласын тазалап, ағаштар отырғызды.

Атап айтар болсақ, Республикалық Бас мешітте, «Әзірет Сұлтан» мешітінде, «Сәдуақас қажы Ғылмани», «Рақымқызы Раиса ана» және «Көктал» мешіттерінің әйел ұстаздары мен шәкірттері мешіт тазалығы мен  көгалдандыру жұмысына атсалысты.

Сондай-ақ, бүгін Елорда мешіттеріндегі барлық қызметкерлер де Дін істері жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен өткен ағаш отырғызу акциясына қатысқан болатын.

 

Дереккөз: Muslim.kz порталы

Пікірлер Кіру