Айт күндері Елорда мешіттерінде бағыттау орталығы жұмыс жасайды

30 шілде 2020 275 0
Оқу режимі

Елімізде енгізілген карантин режиміне орай биылғы Құрбан айт мерекесінде Елорда өкілдігі бойынша «Құрбан айтта қуандыр!» жобасы іске қосылып отыр. Жоба аясында арнайы мешіт анықтамалығы іске қосылып, сойған құрбандығының етін құлшылық ордасына әкеліп бергісі келген жандарға ҚМДБ «Зекет» қорына құрбандық етін алуға өтініш білдірген отбасылар мекенжайы ұсынылып отырмақ. Құлшылық ордаларында айт күндері ет қабылдау шарасы жүргізілмейді.

Исі мұсылманның ұлық мерекесінде бауырыңызға қарайласып, құрбандық етімен бөліскіңіз келсе, өз қолыңызбен табыстап, етене таныса түсуіңізге таптырмас мүмкіндік: мешіт анықтамалығынан бір отбасының мекенжайын алып, айтпен құттықтап барыңыз! Тек қауіпсіздік және сақтық шараларын қатаң сақтауды ескертеміз!

Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы жағдайға байланысты қауіпті індетті алдын алу мақсатында QURBAN2020.KZ сайтын іске қосқан болатын. Қазіргі кезде аталмыш сайттың ресми мәліметіне сүйенсек, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша құрбандық етін алуға өтініш білдіргендер саны 4 мыңнан асқан.

Мешіт анықтамалығы: 8 7172 422 455
8 777 957 28 34
Жанат – «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру