«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІ: «РАМАЗАН ЖӘНЕ БАС ИМАМ САҒАТЫ» ӨТУДЕ (ФОТО)

10 сәуір 2023 2315 0
Оқу режимі

Елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде апта сайын «Рамазан және бас имам сағаты» айдары бойынша уағыз-насихат айтылуда. Бүгін қала бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы кезекті уағызында Рамазан айының соңғы күндерінің артықшылығын айтып, қасиетті айдың соңғы 10 түнін құлшылықпен өткізуге шақырды. Бесін намазының алдында айтылған уағыз-насихатқа 200 шақты жамағат қатысып, тың ақпараттарға қанықты. Бас имам насихатынан кейін жамағат  өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алды. 

Сондай-ақ, «Әзірет Сұлтан» мешітінде күн сайын сағат 11:00-13:00 аралығы мен 15:00-17:00 аралығында «Рамазан сағаты» өтуде. Аталған айдар бойынша, кезекші имамдар қасиетті айда мешітті зиярат етіп келген жамағатқа оразаға қатысты ақпараттар беріп, келушілердің сұрағына жауап беріп келеді. 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру