«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІ ҰЖЫМЫ ТАБИҒАТ АЯСЫНДА РУХАНИ ІС-ШАРА ӨТКІЗДІ (ФОТО)

31 қазан 2025 719 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұжымы дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеу мақсатында табиғат аясында атпен серуен құрып, ұжымдық рухани басқосу өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ұжым арасындағы бауырмалдық пен бірлікті нығайту, сонымен қатар қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін жаңғырту болды. Атқа міну – халқымыздың өмір салты мен рухани мәдениетінің ажырамас бөлігі.

Серуен барысында мешіт қызметкерлері таза ауада демалып, еркін әңгімелесу арқылы рухани тұрғыда сергіп қана қоймай, бәйге және садақ ату секілді ұлттық ойын түрлерінен сайысқа түсті. Бұл жарыстар қатысушылардың қызығушылығын арттырып, ұжымдық ынтымақ пен достықты бекемдей түсті.

Іс-шара соңында «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов ұжымға алғыс білдіріп, белсенділік танытқан қызметкерлер мен сайыстарда үздік нәтиже көрсеткен жамағат мүшелерін марапаттады.

Пікірлер Кіру