«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ӘЙЕЛ ҰСТАЗДАРДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН СЕНБІЛІК ӨТТІ (ФОТО)

29 қазан 2025 584 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі «Әзірет Сұлтан» мешітінде әйел ұстаздардың ұйымдастыруымен сенбілік өтті. Іс-шара барысында мешіт кіреберісіндегі жақтаулар мен есіктер, қабырғалар шаңнан тазартылды.

«Бүгін мешітімізде тазалық жұмыстары жүргізіліп, әйел жамағаты мен ұстаздар белсенді түрде атсалысты. Бәріміз жақсы білеміз, тазалық – иманның жартысы. Тазалық бар жерде береке болады», – деді Астана қаласы Әйел-қыздар секторының және «Әжелер мектебі» клубының жетекшісі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Күлсара Мамырқызы.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру