«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ (ФОТО)

13 қазан 2025 1148 0
Оқу режимі

Астана қаласы өкілдігі Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Қарттарым – асыл қазынам» атты іс-шара өтті.

Жиынға Астана қаласының Бас имамы Ерболат Жүсіпов арнайы қатысып, аналар қауымын мерекемен құттықтады және көркем уағыз-насихат жасады. Сондай-ақ ол «Әжелер мектебі» клубының жылдар бойы атқарып келе жатқан дінге қызметіне алғысын білдірді.

Рухани отырыста Астана қаласы Әйел-қыздар секторының және «Әжелер мектебі» клубының жетекшісі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Күлсара Мамырқызы клубтың осы күнге дейінгі іс-шараларының есебін айтып, дінге жанашырлық танытып жүрген қатысушыларға ерекше алғысын жеткізді. Қатысушыларға гүл шоқтары мен сыйлықтар табыс етілді.

2019 жылы өз жұмысын бастаған «Әжелер мектебі» клубы осы күнге дейін көптеген рухани-мәдени іс-шараларды ұйымдастырып, игі бастамалардың ұйытқысы болып келеді.

Отырыс ақ дастарханмен аяқталып, қатысушылар үшін дәмді фуршет әзірленді. Аналар мешіт ұжымына өз алғыстары мен ризашылықтарын білдірді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру