«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНІҢ ӘЙЕЛ ШӘКІРТТЕРІ КҮН САЙЫН ҚҰРАН ХАТЫМ ЖАСАП КЕЛЕДІ (ФОТО)

25 наурыз 2023 1115 0
Оқу режимі

Қасиетті Рамазан айы басталғалы Елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Құран оқу» және «Құран жаттау» тобының әйел шәкірттері күн сайын Құран хатым жасап келеді.

Шәкірттер күнделікті мешітке жиналып, Құран параларын өзара бөлісіп алып, бір уақытта оқып шығады. Бір күнде бір Құран Хатым етумен қатар, Рамазан айының соңына дейін әркім Құранды бір рет толық оқып шықпақ. Берекелі жиын соңында бас-аяғы бір сағаттай уақытта оқылған Құранның сауабын ата-баба рухына бағышталып, хатым дұғасы жасалып жүр.

Айта кетейік, бұл игі іс Рамазанға дайындық мақсатында Ережеп айынан басталып, апта сайын тұрақты түрде жалғасып отырған болатын. Игілікті үрдіс үгінде өз нәтижесін беріп, шәкірттер күн сайын Құран хатым етуде табандылық танытуда.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру