«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНІҢ «ИНАБАТ» КЛУБЫ ҚЫЗДАР АРАСЫНДА СПОРТТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ (ФОТО)

31 қазан 2025 617 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің жанынан құрылған «Инабат» қыз-келіншектер клубы салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында спорттық жарыс ұйымдастырды.

Іс-шара барысында клуб мүшелері түрлі эстафеталық ойындарға қатысып, өзара бақ сынады. Жарыс жеңіл әрі көңілді атмосферада өтіп, қатысушылардың белсенділігі мен ынтасы ерекше байқалды.

«Инабат» клубы – мешіттің әйел жамағаты арасында рухани, мәдени және әлеуметтік бағыттағы бастамаларды жүзеге асырып келе жатқан белсенді ұйымдардың бірі. Клуб мүшелері мешіттің көптеген игі іс-шараларына тұрақты түрде қатысып, ұйымдастырушылық қырынан да көзге түсіп жүр.

Сонымен қатар, қыз-келіншектер денсаулықтың Алланың аманаты екенін түсініп, әр аптада арнайы бір күнді спортқа арнауды дәстүрге айналдырған. Бұл – рухани және дене саулығын қатар ұстанудың тамаша үлгісі.

Іс-шара соңында жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталып, қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Пікірлер Кіру