«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНІҢ ҰЖЫМЫ УАҚЫП ҚОРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)
04 желтоқсан 2025
187
0
Оқу режимі
Астана қаласының Бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы бастаған «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұжымы ҚМДБ «Уақып» қорының алдағы игі жоспарларымен танысып, зиярат жасады.
Қор басшысы Азамат Әбдікерімұлы ең алдымен қазіргі уақытта атқарылып жатқан негізгі жұмыстарымен таныстырып, алдағы жоспарларын жеткізді. Сарқылмас сауаптың айнасы ретінде саналатын уақып жұмысын жандандыру басты мақсат екенін жеткізді.
Қордың жұмысына сәттілік тілеп, мешіт атынан қажетті жиһаз сыйға тартылды. Кездесу соңында Бас имам Уақып қорының ұжымына дұға жасап, табыс тіледі.

Пікірлер
Кіру