«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН»: «ОН КҮНДЕ ҚҰРАНҒА ТҮС» СЕМИНАРЫНЫҢ ҮШІНШІ ЛЕГІ АЯҚТАЛДЫ (ФОТО)
18 қазан 2025
1121
0
Оқу режимі
Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіповтің бастамасымен «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Он күнде Құранға түс» атты семинардың үшінші легі аяқталды.
Мешіт ұстазы Ерсайын Сәкеновтің жүргізуімен өткен дәрісті тыңдаған шәкірттер бағдарламаны ойдағыдай аяқтап, арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
Құран – мұсылман өмірінің темірқазығы, жүректерге тыныштық, өмірге бағыт беруші қасиетті кітап. Оны оқу – тек әріптерді тізбектеу емес, жүрекпен ұғыну және амалмен дәлелдеу. Осындай семинарлар жамағаттың Құранмен байланысын күшейтіп, рухани дамуға жол ашады.












Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру