«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ЖАМАҒАТЫМЕН «ҮМІТ СӘУЛЕСІ» КІТАБЫНА ШОЛУ ЖАСАЛДЫ (ФОТО)

08 қыркүйек 2025 1108 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінде жамағатқа имандылық пен ізгілікке бастайтын мазмұны түсіндірілді. Жиналған қауымға мешіттің наиб имамы, діни оқу-ағарту бағытының жетекшісі Қасым Махмұд рухани еңбекке шолу жасап, оның мән-маңызын атап өтті.

«Үміт сәулесі» кітабында сабыр мен төзімділіктің, достық пен адамгершіліктің, уақыттың қадірі мен өмірдің мәнін терең ұғынудың қыр-сыры баяндалады. Әрбір тарау оқырманды ойландырып қана қоймай, жүрегіне сенім ұялатып, өмірге жігермен қарауға жетелейді. Кітаптың негізгі өзегі – адамның қай сәтте де үмітін үзбей, Раббысына сүйеніп өмір сүруі.

Бұл еңбек – кез келген жанның рухани азығына айналатын құнды дүние. Кітапты қолға алған оқырман жүрегінде тыныштық тауып, өмірдің әрбір сәтін қадірлей білудің мәнін сезіне алады. «Үміт сәулесі» тек оқуға ғана емес, жанды тәрбиелеуге бағытталған тәлімді туынды ретінде жамағатқа зор үлес қосады.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру