БАЛАЛАРҒА «РАМАЗАН ТӘТТІСІ» ТАРАТЫЛДЫ(ФОТО)

17 сәуір 2023 1927 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі «Жастар ісі» секторы мен «Зекет және қайырымдылық» қорының Астана өкілдігі бірлесе отырып «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі бүлдіршіндерге «Рамазан тәттісін» таратты. 

Қасиетті Рамазан айында балалардың көңіліне шуақ сыйлаған мерекелік кешке Бас қаланың бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы қатысып, жиналған жұртшылықты Рамазан айымен құттықтап, ізгі тілегін арнады. Алланың үйіне жиналған балалар жаттаған өлең-жырлары мен Құран аяттарын оқып, өнерлерін көрсетті. Өнерімен сүйсіндірген бүлдіршіндер  сыйлықтар алып, шаттыққа бөленді. Мешіт наиб имамы Әділхан Иманәліұлы балалардың ата-анасына «Салиқалы ұрпақ тәрбиелеу» туралы уағыз-насихатын айтты. 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру