БАС ИМАМ МЕШІТ АҚСАҚАЛДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ (ФОТО)

04 қазан 2023 1358 0
Оқу режимі

Қазан айының алғашқы мерекесі – Қарттар күніне орай бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік шара өтті. Бесін намазынан соң мешіттің жамағат ақсақалдарына бас имам Ерболат Нұрылдаұлы бастаған дін қызметкерлері құрмет көрсетіп, ақ баталарын алды.

«Қарты үйдің – қазынасы бар» екенін айта келіп, іссапарда болуына байланысты мерекелік шараның бүгін ұйымдастыруының басты себебі де ақсақалдардың ақ батасын алып, өз қолымен сый-сияпат табыстау екенін жеткізген бас имам қарияларға жеміс себеттерін таратты.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру