БАС МЕШІТТЕ 200 БАЛАҒА МЕКТЕП СӨМКЕЛЕРІ ҮСЛЕСТІРІЛДІ (ФОТО)

27 тамыз 2025 1012 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы Республикалық Бас мешітте «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, 200 оқушыға сөмкелер мен оқу құралдары табысталды.

Игі іс-шара барысында көп балалы және мұқтаж отбасылардың балалары мектепке қажетті жабдықтармен қамтылып, жаңа оқу жылына үлкен демеу болды. Бұл қолдау балаларға қуаныш сыйлап, мешіт ұжымы ата-аналардың алғысына бөленді.

Айта кетейік, жыл сайын ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен республика бойынша барлық мешіттерде дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізіліп келеді. Оның мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасылар мен жетім балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде қолдау көрсету және мектепке баруына кедергі болатын жағдайлардың алдын алу.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру