Бас мешітте «Ауызашар қоржындарын» тарату шарасы басталды (ФОТО)

13 сәуір 2021 4521 0
Оқу режимі

Бүгін, қасиетті Рамазан айының алғашқы күні елорда мешіттері 1500 отбасыға ауызашар қоржындарын жеткізіп бермек. Бұл жайында республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде басталған «Рамазан шуағы: Ауызашар қоржындарын тарату» шарасы барысында Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов мәлім етті.

Демеуші азаматтардың, жанашыр жамағаттың атсалысуымен қаладағы 12 мешіт рамазан айы бойы күн сайын осы көлемдегі ауызашар қоржындарын мұқтаж жандардың мекенжайларына жеткізіп отыратын болмақ. Екінті намазынан соң «Әзірет Сұлтан» мешітінде арнайы басқосу өтіп, мешіт бас имамы Ерболат Жүсіпов еріктілер тобына ақ батасын арнап, сауапты сапарға шығарып салды.

Арнайы аппақ қорапшамен қапталған ауызашар қоржындарында екі түрлі ыстық тамақ, сусын, салат және түрлі жемістер салынған. Аталмыш шараға атсалысып, Алла разылығын іздеп, мұсылман бауырыңызға ауызашар бергіңіз келсе, мына нөмірге хабарласуға болады: 8 707 622 69 22.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру