БАС МҮФТИ ӘЙГІЛІ ҒАЛЫМ РАМАЗАН ӘЛ-БУТИДІҢ ҰЛЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ (ФОТО)

09 ақпан 2023 1605 0
Оқу режимі

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Индонезиядағы іссапары барысында бірнеше кездесу өткізді. Бас мүфти арнайы уақыт бөліп әйгілі дін ғалымы Мұхаммед Сағид Рамазан әл-Бутидің ұлы Мұхаммед Тауфиқ Рамазан әл-Бутиге құрмет көрсетіп, иығына шапан жапты.

Кездесуде қазіргі діни ахуал, пәтуа берудегі бірізділік, Ислам әлеміндегі ғалымдардың еңбегін көбірек жарыққа шығару, мұсылман үмбетінің ауызбіршілігі турасында сөз болды.

Бас мүфти кездесуде ғалымның ұлына алғысын білдіріп, әкесінің өнегелі істерін еске алды. Жүздесу соңында Мұхаммед Тауфиқ Рамазанды елімізге құрметпен шақырды. Өз кезегінде ғалымның ұлы шақыруды қабыл алатынын жеткізді.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру