Бас мүфти Мақтааралда 3 баспананың кілтін табыстады (ФОТО)

18 мамыр 2020 456 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысының Мақтаарал ауданында 3 отбасына баспана кілтін табыстады.

Мүфтияттың 30 жылдық мерейтойы аясында берілген баспана көпбалалы отбасына, мүгедек кейуанаға, асыраушысынан айырылған келіншекке салтанатты түрде табысталды.

«Діни басқарманың жұмыс бағыттарының бірі – қайырымдылық. Біз баспанаға аса мұқтаж, көмекке зәру азаматтарды қуанышқа бөлейтін игі жобамызды жыл бойы жалғастыра береміз. 3 баспана мақтааралдық ағайынға бұйырып отыр. Біз Мақтааралмен біргеміз. Қоныс құтты болсын! Қуаныштарыңыз баянды болсын. Осы отбасыдан ғалымдар шығып, елімізге қызмет ете берсін», – деп атап өтті Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Өз кезегінде «Зекет» қорының директоры Талғат Омаров: «Қор қызметкерлері осымен 201-інші отбасын қуанышқа кенелтті. Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты түрде жалғаса береді» деді.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру