Бас мүфти Түркиядан келген делегацияны қабылдады (ФОТО)

12 маусым 2019 124 0
Оқу режимі

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Түркия дін істері басқармасы «Діни жоғары білікті мамандарды жетілдіру «Хасеки» академиялары» департаментінің басшысы Аккуш Абдуррахман, Түркия дін істері басқармасы Оқу-ағарту департаментінің басшысы Окуян Суат, Түркияның Қазақстандағы елшісінің Дін істері жөніндегі кеңесшісі Галип Акын мырзалармен кездесті.

Кездесуде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Түркия дін істері басқармасы арасындағы әріптестік байланыс сөз болды. Сонымен қатар, жоғары діни білікті мамандар корпусын қалыптастыру мәселесі жан-жақты талқыланды.

Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы қазақстандық шәкірттердің Түркиядағы «Хасеки» академиясында білім жетілдіруіне мүмкіндік жасап жатқан оқу орынның басшылығына алғысын білдірді.

Кездесу соңында тараптар оқу-ағарту саласы бойынша әріптестік байланыс көкжиегін кеңейте түсуге уағдаласты.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру