БАС МҮФТИ ЖАЗУШЫ ЖАБАЛ ЕРҒАЛИЕВТІ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ (ФОТО)

31 қазан 2022 1554 0
Оқу режимі

Бүгін Көкшетау қаласында қазаққа танымал тұлға, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Жабал Ерғалиевтің жетпіс жылдық мерейтойы өтті.

Бұл шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы келіп, құттықтады.

ҚМДБ Төрағасы еңселі сарайда өткен мерейтойлық шарада сөз сөйлеп, қаламгердің қайраткерлік қырына тоқталды. Оның ұлттың тілі мен дініне сіңірген ерекше еңбегін бағалап, «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл» мерекелік медалімен марапаттап, иығына шапан жапты.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру