Бірінші наиб мүфти Н.Өтпенов облыс әкімімен кездесті (ФОТО)

19 қараша 2019 4420 0
Оқу режимі

Ақтөбе облысындағы ресми іссапары аясында ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы облыс әкімі Оңдасын Оразалинмен кездесті. Басқосу барысында Ақтөбе өңіріндегі дін саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарлар жайы талқыланды. Аймақ басшысы ҚМДБ-ның және Ақтөбе облысындағы өкілдігінің қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, қоғамда конфессияаралық келісім мен толеранттылықты нығайту, кез келген түрдегі және көріністердегі діни экстремизм мен радикализм идеологиясына халықтың иммунитетін қалыптастыру бағытындағы зор үлестері үшін алғысын білдірді.

«Имамдарға жалақы төлеу мәселесі жергілікті атқарушы органдар тарапынан және демеушілерді тарту арқылы шешімін табуда. Жаһандық деңгейде қалыптасқан діни ахуалға байланысты имамдардың қоғамдағы рөлі және олардың беделін арттыру бағытындағы жұмыстар бей-жай қалмай, оларды тұрақты біріздендірілген жалақымен, қызметтік үй-жайлармен қамту және т.б. әлеуметтік қолдаулар бойынша өзінің тиісті жалғасын табады деген үміттемін. Осы игі дүниелерге қол жеткізу үшін ҚМДБ тарапынан да заманауи талаптарға сай жауап беретін жоғарғы деңгейдегі білікті қызметкерлерді дайындауда өзіндік ерекше саясат қалыптастырылуы қажет деп санаймын», – деп атап өтті Оңдасын Сейілұлы.

Өз кезегінде Наурызбай Өтпенов бүгінгі Ақтөбеде өткен ІІІ аймақтық имамдар форумында көтерілген мәселелерді айтып өтті. Және шараның әкімдік тарапынан жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін алғысын білдірді.

Дереккөз: Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру