Бүгін Бас мешітте Құран хатым дұғасы жасалады

13 шілде 2020 6199 0
Оқу режимі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық Үндеуінде 13 шілде – Ұлттық аза тұту күні болып белгіленгенін айтқан болатын. Осыған орай ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміздегі республикалық, облыстық ірі-ірі мешіттерде және медреселерде, қарилар даярлау орталықтарында 100 Құран хатым басталған болатын.

13 шілде күні елорда уақытымен сағат 13:00-де осы күндері қариларымыз оқып жатқан Құран Хатымның дұғасы жасалады. Ал Бас мүфтидің қатысуымен республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде жасалатын Құран Хатым дұғасына ҚМДБ-ның Instagram желісіндегі ресми парақшасы және YouTube каналы арқылы онлайн қосылуға мүмкіндік бар.

Пікірлер Кіру