БҰҰ елшісі «Әзірет Сұлтан» мешітінде кездесу өткізді (ФОТО)

17 мамыр 2019 1002 0
Оқу режимі

Бүгін, қасиетті жұма күні республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Исламдағы әйел бейнесі» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Айтулы басқосуға БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі елшісі Алаа Мурабит, БҰҰ Халықтың қоныстануы саласындағы қор (ЮНФПА) өкілі Джулия Валезе және осы қордың Қазақстан бойынша ұлттық бағдарламалар үйлестірушісі Ғазиза Молдақұловалар арнайы шақырылып, аталмыш тақырып аясында пікір алмасты.

Дөңгелек үстел отырысына «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Руслан Сұлтанов, ұстаз Мақсатбек Қайырғалиев және ҚМДБ Әйелдер-Қыздар секторының меңгерушісі Ақбөпе Қанатқызы қатысып, ортақ ой қорытты. «Исламдағы әйел бейнесі» тақырыбында өрбіген қонақтар баяндамасынан соң қатысушылар арасында пікірталасқа кезек беріліп, түйткілді мәселелерді шешудің түрлі жолдары айтылды.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру