ДІНИ БАСҚАРМА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨРТ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ ЖӨНІНДЕ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

23 ақпан 2023 1383 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Орталық аппаратында қызметкерлерге арналған семинар өтті.

Діни басқарма ұжымына «КМБ KZ» ЖШС бас директоры Қайырболат Есқалиев өрт және электр қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, сондай-ақ терроризм мен экстремизмнің алдын алу бойынша дәріс оқыды.

Семинарға қатысушыларға өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарының практикалық дағдылары, өрттен қорғау құралдарын қажет кезде қолдану әрекеттері көрсетілді, сонымен қатар терроризмнің алдын алу шаралары бойынша арнайы әзірленген бейнероликтер назарға ұсынылды.

Айта кетейік, семинарда айтылып өткен өрт және еңбек қауіпсіздігіне қатысты практикалық және теориялық дағдыларды назарға алу және орындау үшін ҚР барлық мешіттеріне электрондық нұсқада жіберіледі.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру