ЕЛОРДА ИМАМДАРЫ ПӘТУА БЕРУ ЖӨНІНДЕГІ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

07 сәуір 2023 1313 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты мешіт имамдары Пәтуа беру жөніндегі біліктілікті арттыру семинарына қатысты. Қасиетті Рамазан айында құлшылық ордаларына діни сауалмен келетін жамағаттың көп болуына байланысты өткізілген семинар жұмысына 13 мешіттің имамдары мен ұстаздары қатысты.

Семинар спикері ретінде қала бас имамы Ерболат Жүсіпов пен Астана өкілдігі бойынша пәтуа жұмыстарына жауапты маман Тамирлан Ибраев шақырылып, дін қызметкерлеріне аталмыш бағыт аясындағы жұмыс жоспарын түсіндірді. Семинарда Рамазан айындағы «Пәтуа сағаты», «Сұрақ-жауап» шараларының маңыздылығы мен тәртібі айтылып, белсене жұмыс жасауға шақырды.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру