ЕЛОРДА ИМАМДАРЫНА ДІНИ ОҚУ-АҒАРТУ БАҒЫТЫ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ (ФОТО)

13 қараша 2025 444 0
Оқу режимі

Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде қала имамдарына арналған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының діни оқу-ағарту бағыты бойынша жиын өтті.

Басқосуда «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы, аталмыш бағыттың Астана қаласы өкілдігі бойынша жауапты маманы Махмұд Қасым дін қызметкерлеріне оқу-ағарту саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттер жөнінде кеңінен баяндады. ҚМДБ тарапынан бекітілген жылдық жоспарға сай діни сабақтардың сапасын арттыру, медресе және оқу орталықтарымен ынтымақтастықты күшейту, сондай-ақ жамағаттың діни сауатын арттыруға бағытталған түрлі жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

Жиын барысында имамдарға жаңа әдістемелік құралдар мен оқу бағдарламалары таныстырылып, насихат жұмыстарының тиімділігін арттыру жолдары талқыланды.

Кездесу соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, оқу-ағарту бағыты бойынша бірқатар ұсыныстар мен бастамалар қабылдады.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру