Елорда имамдарының өңірлік форумына дайындығы пысықталды (ФОТО)

06 қараша 2019 495 0
Оқу режимі

Бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен Елорда имамдарының жалпы жиналысы болып өтті. Алқалы жиын барысында бірнеше мәселелер талқыланып, Елорда имамдарының форуыман дайындық барысы пысықталды.

Елорда төрінде «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» тақырыбында өтетін өңірлік форум барысында жақында ғана қабылданған «Жеті рухани қазық» тұғырнамасы, ҚМДБ діни лауазымдар мен діни рәсімдер тізілімі атты құжаттар насихатталып, аталмыш еңбектер маңыздылығы түсіндірілетін болмақ.

Сондай-ақ, өкілдік жиналысы барысында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ұйымдастырылатын Мәуліт мерекесі, діни қызметкерлердің ішкі тәртібі мен жұмыс кестесі, т.б. күрделі мәселелер бойынша кеңесіп, нақты тапсырмалар берілді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру