Елорда көшелеріне ерекше баннерлер қойылды (ФОТО)

23 мамыр 2020 3877 0
Оқу режимі

24-мамыр күні еліміз бойынша Ораза айт мерекесі басталады.

Мұсылмандардың ұлық мерекесі Ораза айттың құрметіне Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен елорда көшелеріне мерекемен құттықтаған арнайы баннерлер қойылды.

«Ораза айт қабыл болсын!» деп жазылған республикалық «Әзірет Сұлтан» және елорданың «Нұр-Астана» мешіттері бейнеленген мұндай құттықтау баннерлерді қаламыздың барлық бұрышынан кездестіруге болады. Бұл да болса елордалық тұрғындарының еңсесін көтеріп, мерекелік көңіл-күй сыйлайтын ерекше қадам болды.

Келе жатқан Ораза айт мерекесі құтты болсын!

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру